Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Астаналық тұрғын 24 сағаттың ішінде 204 шақырым жүгірді

11.10.2017

98
Астаналық тұрғын 24 сағаттың ішінде 204 шақырым жүгірді

Өткен сенбі-жексенбі күндері Астанада «Self-Transcendence – өз-өзінді бағындыру» деп аталатын 6, 24 сағат және 100 шақырымдық марафон ұйымдастырылған еді.

Қазақстанның ашық чемпионатын  салауатты өмір салтын насихаттап жүрген елордалық Astana Runners клубы мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы өткізді. Тәулік бойы жүгіретін марафонды Әскер Қожанов жеңіп алды. Ол 24 сағаттың ішінде 204 шақырымды жүгіріп шықты. Екінші орынға Байзақ Талапнұр тұрақтады (196). Үздік үштікті Жанат Қожахмет қорытындылады.

Ал 18-45 жас аралығындағылар арасында 100 шақырымға жүгіргендердің ішінде Сырым Мұхаметжанов Ерлан Кәкімовті озып кетті. Қатысушылардың арасында тек осы екеуі ғана 100 шақырымды толық жүгіріп өтті.

6 сағатқа жүгірушілердің қатары көп болды. Осы уақыттың ішінде ең көп қашықтықты бағындырған Козлов Яков болды. Ол 80 шақырым жүгірген. Екінші орында – Бақтияр Қасенов есімді азамат (65 шақырым). Үздік үштікте Мұрат Әубәкіров есімді әуесқой жүгіруші бар.

 Әйелдерден Паулина Лейман бірінші орынға ие болды (53 шақырым).

Тізімге қайта оралу