Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Валенсия-2018:Нетсанет Кебеде мен Джеффри Камворор жеңіске жетті

25.03.2018

66
Валенсия-2018:Нетсанет Кебеде мен Джеффри Камворор жеңіске жетті

24 наурыз күні Испанияның Валенсия қаласында жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтті.

Осымен 23-ші рет ұйымдастырылған әлем чемпионатына жалпы саны 279 кәсіби атлет қатысты (157 ер, 122 әйел спортшы). Сондай-ақ олармен бірге 15 мыңға жуық әуесқой марафоншылар жүгірді. 

Әлем чемпионатында әйелдер арасында рекорд та тіркелді. 22 жастағы Эфиопия атлеті Нетсанет Гудете Кебеде 21 шақырымды 1:06.11 сағатта кесіп өтті. Сөйтіп, ол осыдан 11 жыл бұрынғы тегі кениялық Голландия спортшысы Лорна Киплагаттың (1:06.25 сағ) рекордын жаңартты.

Екінші орын Кения спортшысы Джойселин Джепкосгейге бұйырды (1:04.51 сағ). Ол чемпионнан 43 секундқа қалып қойды. Үштікті тағы бір кеиялық Паулина Камулу (+0,45 сек) түйіндеді.

Қазақстан атынан қатысқан Жанна Мамажанова мен Дана Айдосова тиісінше, мәреге 106 және 107-ші болып келді. Жеңімпаздан екеуі 16-минутқа қалып қойды. Ал Елена Елена Наназиашвили жарыстан шығып қалды.

Жартылай марафоннан әлем чемпионаты (21 шақырым 097,5 м). Испания, Валенсия. Әйелдер, жекелей жарыс:

1.     Нетсанет Гудета Кебеде (Эфиопия) – 1:06.11 сағ – WRwo

2.     Джойселин Джепкосгей (Кения) – 1:06.54 сағ

3.     Паулина Камулу (Кения) – 1:06.56 сағ

 106. Жанна Мамажанова (Қазақстан) – 1:22.35 сағ

107. Дана Айдосова (Қазақстан) – 1:22.43 сағ

… Елена Наназиашвили (Қазақстан) – DNF

Командалық жарыс:

1. Эфиопия – 3:22.27 сағ

2. Кения – 3:23.02 сағ

3. Бахрейн – 3:23.39 сағ

Ерлерден 25 жастағы кениялық Джеффри Камворор хет-трик жасады. Бұған дейін 2014 және 2016 жылдары да бірінші орынды ешкімге бермеген Камворор осымен үшінші рет әлем чемпионы атанды. Уақыт көрсеткіші –1:00.02 сағат. Күміс медальға ие болған Абрахам Черобен (Бахрейн) сағемпионға 20 секундқа ұтылып қалды. Үшінші болып, мәреге Айрон Кифле (Эритрея) жетті.

Қазақстан спортшыларынан ең жоғары нәтиже көрсеткен Михаил Красилов аталған қашықтықты 1:06.49 сағатта жүгіріп өтіп, 109-шы болып келді. Ал қалған атлеттердің нәтижесі төмендегідей:

Жартылай марафоннан әлем чемпионаты (21 шақырым 097,5 м). Испания, Валенсия. Ерлер, жекелей жарыс:

1.     Джеффри Камворор (Кения) – 1:00.02 сағ

2.     Абрахам Черобен (Бахрейн) – 1:00.22 сағ

3.     Айрон Кифле (Эритрея) – 1:00.31 сағ

… 109. Михаил Красилов (Қазақстан) – 1:06.49 сағ

… 125. Андрей Лейменов (Қазақстан) – 1:09.31 сағ

… 129. Алексей Гусаров (Қазақстан) – 1:09.49 сағ

… 133. Әмір Байтоқанов (Қазақстан) – 1:11.04 сағ

… 142. Артем Косинов (Қазақстан) – 1:15.26 сағ

Командалық жарыс:

1. Эфиопия – 3:02.14 сағ

2. Кения – 3:02.40 сағ

3. Бахрейн – 3:02.52 сағ

… 22. Қазақстан – 3:26.09 сағ

Тізімге қайта оралу