Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Варвара Назарова үздік ондыққа ене алмады

07.07.2017

Бек Төлеуов  
102
Варвара Назарова үздік ондыққа ене алмады

Бхубанешвардағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде найза лақтырушы Варвара Назарова өнер көрсетіп, 11-орынға табан тіреді.

Құрлық біріншілігіне тұңғыш рет қатысқан 20 жастағы атлеттің ең жоғары көрсеткіші – 49, 56 метр. Варвара биылғы маусымда елішілік жарыста бұдан да жоғары нәтиже көрсеткен болатын (51,33 метр). Өкінішке қарай, Үндістанда 50 метрден асыра алмады. Сөйтіп, жарысты 11-ші орынмен аяқтады.

   Сайыстың бұл түрінен 2017 жылғы Азия чемпионы қытайлық 28 жастағы атлет Ли Линвей болды. Ол Үндістанда 63,06 метрге дейін лақтырды. Екінші орын алған қарсыласы Дильхани Лекамжеден (Шри-Ланка) 5 метрге озып кетті.

Айта кетейік, осымен екінші мәрте Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол құрлық біріншілігінде 2013 жылы топ жарған.

   Жалпы, найза лақтырудан Азия чемпионатына 13 қатысушы қатысты.

   Азия чемпионаты - 2017. Бхубанешвар, Үндістан.

Найза лақтыру, әйелдер.

1.     Ли Линвей (Қытай) – 63,06 м

2.     Дильхани Лекамже (Шри-Ланка) – 58,11 м

3.     Анну Рани (Үндістан) – 57,32 м

... 11. Варвара Назарова (Қазақстан) – 49,56 м  

Тізімге қайта оралу