Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Виктория Зябкина – 200 метрге жүгірудің чемпионы

09.07.2017

189
Виктория Зябкина – 200 метрге жүгірудің чемпионы

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күнінде әйелдер арасында 200 метрге жүгірген Виктория Зябкина жеңімпаз атанды.

Іріктеу кезеңінде Шри-Ланка спортшысы Румешика Кумари жерлесіміздің алдын орап кетіп еді. Бірақ финалда Зябкина сауатты жүгіріп, қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ. Жерлесіміз мәреге 23,10 секундта жетті. Күміс жүлде Кумариға бұйырды. Шри-Ланкалықтың уақыт көрсеткіші – 23,43 секунд. Қола жүлдені тағы бір қазақстандық атлет Ольга Сафронова (23,47 сек) еншіледі.

Осылайша әйелдер арасындағы спритерлік жарыстан 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жеңіп алдық. Бұған дейін Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден бірінші-екінші орынды өзара бөліскен болатын.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасында 4 алтын бар. 

Тізімге қайта оралу