Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

11

Күн
Джакарта, Индонезия
Виктория Зябкина 2017 жылғы Азия чемпионы
274

Виктория Зябкина 2017 жылғы Азия чемпионы

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз Виктория Зябкина 100 метрге жүгіруден жеңіске жетті.

Ол 100 метрді 11,39 секундта жүгіріп өтсе, екінші орынға тағы бір қазақстандық Ольга Сафронова жайғасты. Керекулік атлет бұл қашықтықты 11,45 секундта бағындырды. Үшінші орын жергілікті спортшы Чанд Дьютқа бұйырды. Үндістандық атлет мәреге 11,52 секундта жетті. 

Үш дүркін жазғы Универсиада ойындарының жеңімпазы Виктория Зябкинаның бұл Азия құрлығындағы осымен екінші жеңісі. Ол бұған дейін  2015 жылы құрлық біріншілігінде ешкімге дес бермеген едік.

Айта кетейік, Бхубанешвардағы Азия чемпионатында құрлықтың 800 үздік атлеті өнер көрсетуде. Олар 43 елдің намысын қорғап жатыр.

Тізімге қайта оралу