Виктория Зябкина – 25 жаста
195

Виктория Зябкина – 25 жаста

Бүгін еліміздегі ең үздік спринтерлердің бірі Виктория Зябкинаның туған күні.

Виктория Зябкина 1992 жылы 4 қыркүйек күні дүниеге келген. Ата-анасы жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан спортшылар. Анасы – Оксана Зябкина үш қарғып секіруші. Әкесі – Виктор Зябкин жүгіруге қатысқан. Қысқа қашықтықтарға жүгіріп, біраз жетістіктерге қол жеткізген.

Осындай отбасы дүниеге келген Викторияның басқа таңдауы да болған емес. Ол бала кезінен жүгіруге қатысты. Осыған дейін Азия чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алды. 2015 жылы Кванджуде өткен Универсиада ойындарында үш дүркін чемпион атанды.

100 метрге жүгірудегі жеке рекорды – 11,15 с

200 метрге жүгірудегі жеке рекорды – 22, 66 с

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Виктория Зябкинаны туған күнімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, спорттық карьерасына жарқын жеңістер тілейді.

Тізімге қайта оралу