Виктория Зябкина – Азия Гран-приінің жеңімпазы

26.04.2017

Бек Төлеуов  
146
Виктория Зябкина – Азия Гран-приінің жеңімпазы

Алматылық атлет Виктория Зябкина Қытайдың Цзиньхуа қаласында өткен Азия Гран-приінің алғашқы кезеңінде 100 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды.

2015 жылы жазғы Универсиада ойындарында қатарынан үш алтын алған спортшы бұл жолы 100 метрді 11,44 секундта бағындырды. Мәреге екінші болып тағы бір қазақстандық спортшы Ольга Сафронова келді. Оның көрсеткіші – 11,59 сек. Үндістандық Чанд Дьютиде негізі 11,59 секундта жеткен еді, бірақ хаттамаға оның есімі үшінші болып жазылды.

Айта кетейік, Азия Гран-приі 18 бағдарлама бойынша өтіп жатыр. Соның ішінде қатысушысы ең көп сайыс осы 100 метр болды. Зябкина мен Сафронова құрлықтың Гран-приіне фаворит ретінде келген болатын. Екеуі де бапкерлер мен жанкүйерлер сенімін ақтап, өздәрін дәлелдей алды.

Зябкина осымен жетінші рет Гран-приде 100 метрде алдына жан салған жоқ. Бұған дейін 2013 және 2015 жылдары Виктория барлық 6 кезеңде жеңіске жеткен болатын.

Тізімге қайта оралу