1-ші деңгейлі TOECS курсы

Есептегіш

9

Күн
Алматы, Қазақстан

Виктория Зябкина Бразилиядағы жарысқа қатысады

29.05.2017

Бек Төлеуов  
152
Виктория Зябкина Бразилиядағы жарысқа қатысады Виктория Зябкина. Фото Эдуарда Гавриша

Бүгінгі таңда еліміздегі танымал жеңіл атлеттердің бірі Виктория Зябкина 3 маусым күні Бразилия Гран-приіне қатысады.

Бұл Гран-при Бразилияның Сан-Паулу штатында орналасқан Сан Бернардо до Кампо қаласында өтеді. Аталған жарыс Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының IAAF World Challenge Meetings санатындағы турнирінің қатарына кіреді. Жалпы бұл элиталық санаттағы турнир әлемнің сегіз елінде жалғасын табады. Бразилиядан бөлек, Голландия, Финляндия, Чехия, Испания, Германия, Хорватия, Италия елдері бар.

Серия 3 маусым күні Бразилияда ашылып, 3 қыркүйекте Италияның Риетти қаласында аяқталады.

IAAF World Challenge Meetings сериясындағы Гран-приде өнер көрсететін атлеттер шақырту арқылы қатысады. Бұл жерде көбінесе жеңіл атлетиканың жұлдыздары сынға түседі. Олардың арасында Виктория Зябкинаның болуы да біз үшін қуанышты жағдай.

Айта кетейік, Виктория Зябкина бұған дейін 2015 жылы бүкіләлемдік Универсиада ойындарында үш дүркін чемпион атанған. Сондай-ақ Азия чемпионы.

Ал биылғы жылы Азия Гран-приінің үш кезеңінде де жеңіске жетті.

Тізімге қайта оралу