Виктория Зябкина Бразилиядан күміс жүлдемен оралды Виктория Зябкина
Бек Төлеуов  
313

Виктория Зябкина Бразилиядан күміс жүлдемен оралды

Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының үш дүркін чемпионы, қазақсандық Виктория Зябкина 3 маусым күні Бразилияның Сан-Бернардо-ду-Кампо қаласында өткен Гран-приге қатысып, жүлделі оралды.

Қазақстандық жеңіл атлет 200 метрге жүгіріп, мәреге екінші келді. Ал бас жүлде жергілікті спортшы Витории-Кристине Розеге бұйырды. Жас атлет өзінің жеке рекордын орнатып, аталған қашықтықты 23.09 секундта жүгіріп өтті. Ал Зябкина мәреге 23.25 секундта жетті. Үшінші орын тағы бір бразилиялықтың еншісінде  (Росанхелла Сантос, 23.48 секунд).

Виктория енді 12-14 маусым аралығында Алматыда өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.

Тізімге қайта оралу