Виктория Зябкина Грекиядағы жорығын жеңіспен аяқтады
125

Виктория Зябкина Грекиядағы жорығын жеңіспен аяқтады

Еліміздің үздік спринтері Виктория Зябкина Грекия астанасы Афины қаласында өткен халықаралық Filothei Women Gala турнирінде 100 метрге жүгіруден чемпион атанды.

Жалпы, 100 метрлік сайыста 10 желаяқ қатысты. Ұйымдастырушылар оларды екі топқа бөліп жүгіртті. Зябкина мықтылар жиналған екінші топпен жүгірді. Жерлесіміз бірден қарқынын үдетіп, бәсекелестерін қапы қалдырып кетті. Викторияның нәтижесі – 11.44 секунд. Екінші орын украиналық Наталья Погребнякқа бұйырды.

Айта кетейік, Филотеидегі жарыс Зябкина үшін Грекиядағы үшінші халықаралық дода. Алғашқы екеуінде қазақстандық атлет екінші орын алған. Осы жолы алғаш рет жеңіске жетті. Мысалы, 3 маусымда Chania Invitational жарысында 100 метрді 11.51 секундта жүгіріп өтті, 200 метрді 23.35 секундта бағындырды. Ал 9 маусымда Каламата қаласындағы бәсекеде 100 метрлік сайыста мәреге 11.26 секундта жеткен.

Filothei Women Gala. Афины-Филотеи. 100 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1. Виктория Зябкина (Қазақстан) – 11.44 сек.

2. Наталья Погребняк (Украина) – 11.62 сек.

3. Григория-Эммануэла Керамида (Грекия) – 11.84 сек.

Тізімге қайта оралу