XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Виктория Зябкина Грекиядағы халықаралық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді

04.06.2018

79
Виктория Зябкина Грекиядағы халықаралық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді

Еліміздегі ең үздік спринтерлердің бірі Виктория Зябкна халықаралық аренадағы жорығын әлі жалғастырып жатыр. Бұл жолы жерлесіміз Грекияда өткен сайысқа қатысты.

Ежелгі Эллада елінде 200 метрге жүірген Зябкина екінші орын алды. Бұл жарыстың аты Chania Invitational деп аталады.

25 жастағы желаяқ биылғы жылы Altay athletics клубының мүшелігіне өткен болатын. Шығыс Қазақстан облысында құрылған кәсіби жеңіл атлетика клубы спортшыларды халықаралық жарыстарға қатыстыруды жалғастырып жатыр. Зябкина алдағы күндері тағы екі сайыста өнер көрсетеді:9 маусым күні – Kalamata Invitational; 13 маусымда – Filathei Gala Athens. Бұдан кейін қазақстандық спринтер Швейцарияға аттанады. 16 маусымда Берн қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады.

 Виктория осының алдында Латвия астанасындағы Рига кубогында екі қашықтық бойынша бақ сынап, қос күміс жүлдеге ие болған. Алдымен 100 метрді 11,36 секундта жүгіріп өтсе, 200 метрді 23,37 секундта бағындырған. Грекиядағы Chania Invitational турнирінде 200 метрдегі нәтижесі 0,2 секундқа жақсартып, мәреге 23,35 секундта жетті.

Тізімге қайта оралу