Виктория Зябкина хет-трик жасады

02.05.2017

Бек Төлеуов  
173
Виктория Зябкина хет-трик жасады

Тайбэйде өткен Азия Гран-приінің соңғы кезеңінде 100 метрге жүгірген қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Бұл жолы жерлесіміз өзінің көрсеткішін тағы да жақсартып, 100 метрді 11, 34 секундта кесіп өтті. Екінші орын тағы да үндістандық Чанд Дьютиге бұйырды (11,52 сек). Қола жүлдеге вьетнамдық Ле Ту Чин (11,74 сек) қол жеткізді.

Виктория әр кезең сайын өзінің көрсеткішін жақсартып отырды. Цзиньхуада 100 метрді 11,44 секундта, Цзясинде 11,36 секундта басып өткен болатын. Сондай-ақ 24 атлет командалық эстафетада да жүгіріп, чемпион атанды.

Осылайша, Зябкина Азия Гран-приінен жалпы саны 10 алтын еншіледі. Бұған дейін ол 2013 және 2015 жылдары барлық 6 кезеңде жеңіске жеткен болатын.

Тізімге қайта оралу