Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Виктория Зябкина Лондонда тек 200 метрге жүгіреді

26.07.2017

129
Виктория Зябкина Лондонда тек 200 метрге жүгіреді

Жеңіл атлетикадан Лондонда өтетін әлем чемпионатына қатысатындардың арасында қазақстандық Виктория Зябкина да бар. Ол 2 жылда бір өтетін әлемдік додаға екі қашықтық бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алған болатын.

Алайда спортшының жеке бапкері Любовь Никитенко шәкіртін тек бір қашықтықта қатыстыруды жоспарлап отыр екен.

Виктория Алматыда өткен Қазақстан кубогында 200 метрге жүгіруден әлем чемпионатының нормативін орындаған болатын (22,81 секунд). Ал 8 шілдеде Бхубанешвардағы Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден жеңіске жетіп, құрлық чемпионы ретінде әлем чемпионатына жолдама алды.

   Бірақ Зябкина Лондонда 200 метрге жүгіруден ғана қатысады. Мұндай шешімді жеке бапкері Любовь Никитенко қабылдады. Өйткені шәкіртінің бар күшті осы қашықтыққа салуын қалап отыр. Виктория үшін 200 метр ең ыңғайлы қашықтық. Сондықтан 200 метрде жоғары орындардан көрінуге мүмкіндік бар екенін айтады. 

Тізімге қайта оралу