Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова алғаш рет 400 метрлік эстафетаға жүгіреді
Бек Төлеуов  

Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова алғаш рет 400 метрлік эстафетаға жүгіреді

17 қыркүйекте Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында жабық кешендегі Азия ойындары басталады.

Қазақстаннан 15 атлет қатысады. Олардың арасында сары құрлықтың үздік спринтерлері Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова да бар.

– Вика мен Ольга жекелей сында 60 метрге жүгіреді. Сондай-ақ екеуін 4х400 метрлік эстафетаға да қосып отырмыз. Эстафетада бұрыннан 400 метрге жүгіріп жүрген  Мерджен Ишангулиева  мен Элина Михина бар. Сафронова мен Зябкина эстафетаға жүгіріп жүрген тәжірибелі спортшылар. Бірақ 400 метрлік эстафетада алғаш рет бақ сынағалы отыр. Қазіргі кезде қыздар Любовь Никитенкомен бірге құрлық додасында қызу дайындалуда, – дейді ҚР жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Александр Кощеев.

Айта кетейік, Ашхабадтағы V жабық кешендегі Азия ойындарына жеңіл атлетиканың 13 түрі енгізілген. Спортшылар 26 медаль жиынтығын сарапқа салады. Сайыстар үш күнге созылады (18-20 қыркүйек).

Тізімге қайта оралу