XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Виктория Зябкина Рига кубогының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

30.05.2018

91
 Виктория Зябкина  Рига кубогының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина Латвия астанасы Ригада өткен халыралық жарыста екі қашықтық бойынша қатысып, қос күміс медальға ие болды.

Жерлесіміз Рига кубогында 100 және 200 метрге жүгірді. «Даугава» стадионында 100 метрге жүгіргендердің арасында Украина, Германия, Нидерланды, Латвия, Эстония спортшылары болды. Негізгі бәсекелестік 20 жастағы жергілікті спортшы Синдия Букша мен 25 жастағы қазақстандық желаяқ Виктория Зябкина арасында өрбіді. Букша 1987 жылы орнатылған Латвияның жеке рекордын 0,05 секундқа жаңартып, Рига кубогының жеңімпазы атанды (11,29 с). Мәреге екінші болып келген Зябкинаның уақыт көрсеткіші – 11,36 секунд. Үштікті жастар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Яна Качур қорытындылады– 11,67 секунд.

Рига кубогы. 100 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.     Синдия Букша (Латвия) – 11,29 сек.

2.     Виктория Зябкина (Қазақстан) – 11,36 сек.

3.     Яна Качур (Украина) – 11,67 сек.

Букша мен Зябкина арасындағы тартыс 200 метрде де жалғасты. Бұл жолы тағы да Букшаның бағы жанды. Виктория осы турнирдегі екінші күмісіне ие болса, қола жүлде ямайкалық Асейн Холлға бұйырды.

Рига кубогы. 100 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.     Синдия Букша (Латвия) – 23,02 сек.

2.     Виктория Зябкина (Казахстан) – 23,37 сек.

3.     Асейн Холл (Ямайка) – 23,37 сек.

Тізімге қайта оралу