Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Виктория Зябкина «Түнгі студияда» қонақта болды (ВИДЕО)

30.05.2017

Бек Төлеуов  
163
Виктория Зябкина «Түнгі студияда» қонақта болды (ВИДЕО)

Қазақстан ұлттық арнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында танымал қазақстандық жеңіл атлет, 2015 жылғы бүкіләлемдік Универсиада ойындарының үш дүркін чемпионы Виктория Зябкина қонақта болды.

Викторияны аталған бағдарламаға Қытайдың Азия Гран-Приінен жеңіспен оралғаннан кейін шақырды. Спортшымыз еншісіне Гран-приде төрт алтын жазған болатын. Оның үшеуін 100 метрлік спринтте еншілесе, біреуін командалық эстафетадан алды.

Айта кетейік, жүргізушілер мен желаяқтың әңгімелері негізінен Қытайдағы Азия Гран-приі жайлы өрбіді және атлет өзінің балалық шағы мен спорттағы қызықтары туралы айтты. Сондай-ақ, Нұрлан Қоянбаев Зябкинаға қитұрқы, әзіл сұрақтар қойып, бағдарламаның форматына сәйкес ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тырысты. Алайда, Вика бұл сынақтардың барлығынан мүдірмей өтті.

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» бағдарламасы – саясат, спорт, өнер және шоу-бизнесте жүрген танымал адамдар шақырылып, әзіл форматында өтетін бағдарлама. Қонақтарға әртүрлі тақырыпта қитұрқы сұрақтар қойылып, ойын жүзінде өтеді. Аптасына төрт рет кешкі уақытта эфирге шығады.

Айта кетейік, Виктория Зябкина 3 маусым күні Бразилия Гран-приіне қатысады.

Тізімге қайта оралу