Виктория Зябкина «Түнгі студияда» қонақта

05.05.2017

Әзиз ЖҰМАДІЛ  
171
Виктория Зябкина «Түнгі студияда» қонақта Нұрлан Қоянбаев пен Виктория Зябкина

«Спорт падишасының» өкілі алматылық атлет Виктория Зябкина Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» ток-шоуында қонақта болды.

Қытайға аттанып, Азия Гран-Приіне қатысқан Виктория Зябкина еншісіне төрт алтын жазған болатын. Оның үшеуін 100 метрлік спринтте еншілесе, біреуін командалық эстафетадан алды. Елге оралған соң спортшы бірден танымал жобаға қонаққа шақырылды. Бағдарламаның эфирге шығатын уақыты сәл кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, жүргізушілер мен желаяқтың әңгімелері негізінен Қытайдағы Азия Гран-приі жайлы өрбіді және атлет өзінің балалық шағы мен спорттағы қызықтары туралы айтты. Сондай-ақ, Нұрлан Қоянбаев Зябкинаға қитұрқы, әзіл сұрақтар қойып, бағдарламаның форматына сәйкес ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тырысты. Алайда, Вика бұл сынақтардың барлығынан мүдірмей өтті.

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» бағдарламасы – саясат, спорт, өнер және шоу-бизнесте жүрген танымал адамдар шақырылып, әзіл форматында өтетін бағдарлама. Қонақтарға әртүрлі тақырыпта қитұрқы сұрақтар қойылып, ойын жүзінде өтеді. Аптасына төрт рет кешкі уақытта эфирге шығады. Жүргізушісі – бір кездері Ресейдің КВН-інде "Казахи" командасының капитаны болған Нұрлан Қоянбаев.

Тізімге қайта оралу