Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Виктория Зябкина жартылай финалға шыға алмады

09.08.2017

Нұрғазы САСАЕВ  
276
Виктория Зябкина жартылай финалға шыға алмады Әйелдер арасындағы 200 метрлік бәйгенің іріктеу жарысынан көрініс. Фото: iaaf.org

ХVІ әлем чемпионатында әйелдер арасындағы 200 метрлік бәйгенің іріктеу жарыстары өтіп, Виктория Зябкина жартылай финалға шыға алмады.

Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы 200 метрлік бәйгенің іріктеу жарыстары аяқталды. Виктория Зябкина екінші топта (жетілікте) жүгіріп, мәре сызығын тек бесінші болып қиды. Уақыты – 23,66 секунд. Біз күткендегіден біршама төмен болып шықты. Өкінішті. Жарақаты да сыр беріп, көсіле слтей алмады...

Негізі, Зябкина бұл қашықтықты биыл бұдан тәуір уақыт ішінде жүгіріп жүрген. Мысалы, ел кубогында 22,81 секунд, ал Ғұсман Қосанов мемориалында 23,01 секунд, ал жақында ғана Үндістанда өткен Азия чемпионатында 23,10 секунд уақыт ішінде жүйткіп өткен еді. Ал Лондондағы әлем чемпионатында...

Бұған дейін жазғанымыздай, іріктеу жарыстарына 49 желаяқ қыз тіркелген болатын. Олардың үшеуі аластатылды. Қалған 46 қыздың ішінде Зябкина 32-орынды қанағат тұтты. Әрине, жартылай финалға шыға алған жоқ. Келесі кезеңге 24 қыз өтті. Виктория енді 4х100 эстафетасына дайындалады.

Тізімге қайта оралу