Виноградова мен Шыназбекова бәсекелестігі қызып тұр

13.06.2017

38
Виноградова мен Шыназбекова бәсекелестігі қызып тұр Виноградова мен Шыназбекова бәсекелестігі қызып тұр

Тосқауылдар арқылы 100 метрге жүгіруден ел чемпионы анықталды. Алдына жан салмай, мәре сызығын бірінші болып қиған – алматылық ару Анастасия Виноградова. 22 жасар желаяқтың көрсеткіші 13.43 секунд.

Настя Қазақстан кубогына қатыспаған болатын. Аздап сырқаттанып қалған еді, ем-дом қабылдап жүрді. Бірақ, дайындығы жақсы екен, Қазақстан чемпионатында басты бәсекелесі Әйгерім Шыназбековадан бірнеше секундқа озып кетті. Айтпақшы, Қазақстан кубогына Шыназбекова қатысқан. Бір ай бұрын өткен ел кубогында Шыназбекова тосқауылдар арқылы 100 метрді 13.42 секундта жүгіріп өткен. Яғни, сол көрсеткішімен Әйгерім Қазақстан чемпионы атанар еді.

Демек, ары қарай дайындалып, бұдан да жақсы жаттығуым керек. Шынын айтсам, көрсеткішіме көңілім толмайды. Енді алдағы жарыстарда жанымды саламын. Осы аптаның соңында Бишкекте дәстүрлі Колпаков турнирі өтеді. Бәлкім соған барып қалармыз. Одан кейін Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы бар. Сол жарыстарда бас жүлдені жеңіп алуға тырысамын, - деді марапаттау рәсімінен соң Әйгерім Шыназбекова.    

100 метр тосқауылдар арқылы (қыздар)

1. Анастасия Виноградова (Алматы) – 13.43

2. Әйгерім Шыназбекова (Алматы) – 13.60

3. Роксана Оспанова (Павлодар) – 14.25

Тізімге қайта оралу