Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Владислав Григорьевке халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәлігі табысталды

14.09.2017

Бек Төлеуов  
128
Владислав Григорьевке халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәлігі табысталды

Еліміздің үздік спринтерлерінің бірі Владислав Григорьевке халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәлігі табысталды.

Қарағандының «Шахтер» стадионында 2000-2001, 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер  арасында облыстың чемпионаты өткен болатын. Осы турнирдің салтанатты ашылу салтанатында спортшыға куәлікті Афины Олимпиадасының қола жүлдегері, Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Дмтрий Карпов табыстады.

Владислав Григорьев дәл қазіргі таңдағы ерлер арасындағы еліміздегі ең үздік спринтер. Ол 100, 200 және 4х100 метрлік эстафетаға жүгіреді. Бхубанешвардағы Азия чемпонаты мен Тайпэйде өткен бүкіләлемдік Универсиада ойындарына қатысты. Енді Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында өнер көрсетеді.

– Біз Владиславқа сәттілік және жаңа жеңістер мен рекордтар тілейміз. Жас спортшылар осындай спортшыларға қарап өседі, – деді Дмитрий Карпов. 

Тізімге қайта оралу