Владислав Григорьев Азия чемпионатының нормативін орындады

16.05.2017

Бек Төлеуов  
155
Владислав Григорьев Азия чемпионатының нормативін орындады Владислав Григорьев. Фото Эдуард Гавриш

Алматыда өткен Қазақстан кубогының алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 100 метрге жүгіруден қарағандылық Владислав Григорьев жеңіске жетті.

20 жастағы атлет қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Григорьев іріктеу кезеңінде 10, 40 секунд нәтиже көрсетсе, финалда бұл қашықтықты 10, 26 секундта басып өтті. Осылайша, Владислав өзінің жеке рекордын жаңартып қоймай, Үндістанда өтетін Азия чемпионатының нормативін орындады.

Екінші орын тағы бір Қарағанды облысының спортшысы Виталий Земске бұйырды. Үздік үштікті Александр Каспер (Астана) қорытындылады. Жалпы, бұл сайыста 22 спортшы өнер көрсетті.
– Қарағанды облысының тумасы Владислав Григорьев 100 метрді 10, 26 секундта жүгіріп өтеді деп ешкім ойлаған жоқ. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Соңғы жылдардағы Қазақстандағы ең жоғары нәтиже деп айтуға болады. Оның үстіне

Владислав Григорьев –  жас спортшы. Биыл бар-жоғы 20 жасқа толды. Сондықтан болашағы алда деп ойлаймын, – дейді Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Александр Кощеев.

100 метрге жүгіру.
Ерлер:
1. Владислав Григорьев (Қарағанды)  – 10, 26с
2. Виталий Земс (Қарағанды) – 10.60 с
3. Александр Каспер (Астана) – 10.69 с.

Тізімге қайта оралу