Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

7

Күн
Дунгань, Қытай

Біздің қыздар командалық эстафетадан тағы да үздік шықты

28.04.2017

Бек Төлеуов  
153
Біздің қыздар командалық эстафетадан тағы да үздік шықты

Қытайдың Цзясин қаласында өткен Азия Гран-приінің екінші кезеңінде 100 метрге жүгіруден командалық эстафетадан Қазақстан қыздар құрамасы топ жарды.

Римма Кашафутдинова (Қарағанды облысы), Светлана Голендова (Жамбыл облысы), Анастасия Тулапина (Алматы облысы), Юлия Рахманова (Алматы) төрттігі 100 метрді 44,94 секундта жүгіріп өтті. Екінші орын алған Таиланд қыздары олардан 1,12 секундқа қалып қойды (46,06). Үздік үштікте Қытай құрамасы бар (46,80).

Айта кетейік, Цзясинде өткен Азия Гран-приінің екінші кезеңінде Қазақстан атлеттері 7 медаль жеңіп алды. Оның ішінде төртеуі алтын, екеуі күміс, біреуі қол медаль.

Тізімге қайта оралу