ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалының жарыс күнтізбесі
61

XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалының жарыс күнтізбесі

29-30 маусым күндері Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» өтеді.

Екі күнге созылатын жарыста 36 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның ішінде 18-і ерлері, 18-і әйелдер арасында үлестіріледі.

Жарысқа Еуропа, Азия, Африка құрлығында орналасқан 10 елдің атлеттері қатысады. Атап айтсақ, Қазақстан, Грузия, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Сирия, Түркіменстан, Кениядан 300-ге жуық спортшы бар.

Жүгіру, секіру, ядро серпу сайыстары Орталық стадионда, ал лақтыру (найза, диск, балға) сайыстары «Алматы-Аренада» өтеді.

29 маусым күні сағат 10:00-де қысқа қашықтыққа жүгіретіндер жарыс жолына шығады. Ал Мемориалдың ресми ашылу салтанаты 15:30-ға жоспарланған.

Жарыстың кестесін төменде жүктеп алуға болады:

Тізімге қайта оралу