Юрий Пономарев: «Atyrau Marathon 2017» марафонына қатысушылар 8 аталым бойынша марапатталады

06.05.2017

Бек Төлеуов  
149
Юрий Пономарев: «Atyrau Marathon 2017» марафонына қатысушылар 8 аталым бойынша марапатталады Юрий Пономарев

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Atyrau Marathon 2017» жаппай жүгіру марафонының ұйымдастырушы комитетінің өкілі Юрий Пономарев көпшілікті жұмыс регламентімен таныстырды.

– Тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған марафон 7 мамыр күні өтеді.
Қатысушылар екі қашықтық бойынша жүгіреді (10 және 21 шақырым). 10 шақырым қашықтыққа дейін жүгіру "Атырау" халықаралық әуежайынан бастау алады. 21 шақырымға жүгіретіндердің старты "Мұнайшы" стадионынан басталады. Марафоншылармен бірге полиция қызметкерлері, жедел жәрдем де жолға шығады. Қатысушылар жүгіруді жалғастыра алмайтын жағдай орын алғанда оларға шұғыл көмектесетін автобус болады. Сонымен қатар, жол бойына су тарататын стационарлы және медициналық пункттер орналастырылады, – дейді Юрий Пономарев.

Жеңімпаздар "Мұнайшы" стадионында 8 аталым бойынша марапатталады. Марафон құрметіне мерекелік концерт күндізгі сағат 12.00-де басталып, 15.00-ге дейін жалғасады деп күтілуде. Айта кетейік, концертті тамашалау тегін.

Баспасөз-мәслихатына Гиннестің рекордтар кітабында жеті рет енген марафоншы Марат Жыланбаев, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, Атырау облыстық ене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет қатысты.

Марафонға 16 жастан асқан, дәрігерлердің рұқсаты бар, тіркеуден өтіп, қатысу нөмірін алған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Тізімге қайта оралу