Жаңа жыл құтты болсын!
231

Жаңа жыл құтты болсын!

Тағы бір жыл артта қалды. 2017 жыл – Қазақстан жеңіл атлетикасы үшін табысты маусымдардың бірі болды.

Бірінші кезекте еліміздің үздік жеңіл атлеті Ольга Рыпакова жанкүйерлерін жеңістерімен қуантты. Алдымен Лондондағы әлем чемпионатында қола жүлде еншілесе, одан кейін «Гауһар лиганың» финалдық кезеңін жеңіске жетті.

Айтпақшы, осы маусымда Рыпакованың ізін басқан жас таланттың өнеріне куә болдық. Үш қарғып секіруден 2017 жылғы Азия чемпионы Мария Овчинникова жастар арасындағы әлемдік рейтингте биылғы маусымды бірінші орынмен аяқтады.

Тағы бір айта кететін жайт, Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен ХХII Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары 8 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі алтын. Жалпы командалық есепте үшінші орын бұйырды. Бұл соңғы 15 жылдағы ең үздік көрсеткіш.

Ал Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өткен жатқан жабық кешендегі Азия ойындарынан 10 медаль еншіледік.

Жеңіл атлеттер арасындағы жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орын алды. Екінші орында – Үндістан атлеттері болса, үздік үштікті Сауд Арабиясы қорытындылады.

Тайпэйдегі жазғы Универсиада ойындарында сырықпен секіруші Сергей Григорьев күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тауық жылы – Қазақстан жеңіл атлетикасы үшін табыс жыл болды деп айтуға болады. Енді, жаңа 2018 жылдан тек жеңістер күтеміз.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы атынан барлық отандастарымызды жаңа 2018 жылмен құттықтаймыз!

Алдағы жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Есік қағып тұрған ит жылы бірлік пен береке жылы болсын!

Тізімге қайта оралу