Жанар Андосова Шымкентте жаттықтырушыларға допинг туралы дәріс оқыды
233

Жанар Андосова Шымкентте жаттықтырушыларға допинг туралы дәріс оқыды

Шымкентте өтіп жатқан жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға арналған курста күн өткен сайын қыза түсуде.

22-23 қазан күні тыңдаушылар антидопингке қатысты дәріс тыңдады. Лектор ретінде Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығының ғылыми қызметкері Жанар Андосова келді. Біздің бапкерлер допинке қарсы бақылаудың негізгі ережелерімен танысты. Жанар Мырзағалиқызы өз кезегінде тыңдаушыларға соңғы кездері қандай препараттарды қолдануға рұқсат берілгенін, қайсысына тыйым салынғанын толығырақ айтып кетті.

Одан бөлек, бірнеше тәжірибелік сабақтар өтті. Жаңа заманауи әдістер көрсетілді. Бірнеше тыңдаушы жеңіл атлетиканың әрбір түрінен презентация жасап, алғашқы тәжірибелік емтихандарын тапсырды.

Шымкентке арнайы дәріс оқу үшін келген IAAF-тың ресми лекторы Виктор Предбанников қатысушылар семинарға аса қатты қызығушылық танытып жатқанын айтты.

– Соңғы 8 жылда осындай дәрістерді жиі оқып жүрмін. 2009 жылы IAAF-тың ресми лектор дәрежесін алдым. Содан бері Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Грузия секілді елдерде дәріс оқыдым. Бірақ Қазақстанда болмаған екенмін. Осы жолы алғаш рет келіп отырмын. Алаңсыз білген түйгенімізді үйретуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Теориялық сабақтармен қатар тәжірибелік жаттығуларды жиі өткізіп жатырмыз, – дейді Виктор Предбанников.

Тізімге қайта оралу