XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

9

Күн
Алматы

Жарыс жолына Виктория Зябкина шығады

08.08.2017

Нұрғазы САСАЕВ  
337
Жарыс жолына Виктория Зябкина шығады Фото шетелдік басылымдандан алынды

Бүгін ХVІ әлем чемпионатында әйелдер арасындағы 200 метрлік бәйгенің іріктеу жарыстары өтеді.

Әйелдер арасындағы 200 метрлік бәйгеде 49 желаяқ қыз бақ сынайды. Әуелі іріктеу жарыстары өтеді. Әлем чемпионатына қатысу бақытына ие болған 49 ару жетіге тең бөлініпті. Осы жеті топтың әрқайсысынан үш спортшы жартылай финалға шығады. Оларға уақыттары жоғары тағы үш қыз қосылады.

Сонда, 7 х 3 = 21 + 3 = 24. Осы 24 қыз 10 тамыз күні жартылай финалда бақ сынайды. Біз Викторяны жартылай финалға шығады деп ойлаймыз. Дәлірек айтқанда, іріктеуден өтеді деп үміттенеміз. Ол жас болса да (4 қыркүйекте 25-ке толады), әлем чемпионатына төртінші рет қатысып отыр. 2011 жылдан бері бүкіләлемдік біріншілікке қатысып келеді.

2011 жылы Тэгуде жас болды (небәрі – 18-де). 2013 жылы Мәскеуде де тәжірибесі аз болды. Яғни екеуінде де іріктеу сыныан өте алмаған. Ал 2015 жылы Бейжіңде жартылай финалға шықты. Қорытынды есепте 12-орынға ие болды. Енді, Лондонда да електік бәйгелерден қтеді деп үміттенеміз.  

Бұған дейін жазғанымыздай, негізі ол 100 метрге жүгіру құқығына ие болған. Нақтырақ айтқанда, 8 шілде күні Бхубанешвардағы Азия чемпионатында ең қысқа қашықтықта жеңімпаз атанып, құрлық чемпионы ретінде әлем чемпионатына жолдама алған. Бірақ Лондонда 200 метрлік бәйгеге ғана қатысады. Мұндай шешімді жеке жаттықтырушысы Любовь Никитенко екеуі қабылдапты. Бапкері шәкіртінің бар күш-жігерін осы қашықтыққа салуын қалап отыр.  

Зябкина Лондонға келгелі жаттығу жұмыстарына ерекше мән беріп, дайындалып жүр. Тіпті кеше Ольга Рыпаковаға жанкүйер болуға жиналған Қазақстан делегациясына ең соңынан, стадионда қосылды. Әуелі жаттығуға барды. Викторияға сенеміз. Ол бүгін екінші іріктеу тобында (жетілігінде) 6-шы жолақта жүгіреді. Сөреден шығатын уақыты – 19:38 (Астана уақытымен – 00:38).

Тізімге қайта оралу