Жарыс қожайындары – 4х400 эстафетада үздік шықты

27.06.2017

Бек Төлеуов  
104
 Жарыс қожайындары – 4х400 эстафетада үздік шықты Дмитрий Коблов эстафетаны соңғы жүгіруші Михаил Литвинге ұстатты. Фото авторы – Эдуард Гавриш.

Ғұсман Қосановты еске түсіруге  алуға арналған мемориалда 4х400 бойынша командалық эстафетаның ерлер және қыздар арасындағы сайысында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Осымен XXVII рет ұйымдастырылған мемориалдың эстафеталық сайыстары өте тартысты өтті. Спортшылар жанкүйерлерге нағыз жарыстың көңіл күйін сыйлады.

4х400 бойынша қыздардан Қазақстан намысын Евгения Фандюшина, Вероника Брославская, Валентина Степанковская, Аделина Ахметова қорғады. Соңғы сәтке дейін жерлестерімізге Камила Якубова, Гуля Рахимова, Сабина Умарова, Наталья Асанова бастаған Өзбекстан құрамасы қарымды қарсылық көрсетті. Дегенмен Алматыдағы халықаралық жарыста аруларымыз намысты қолдан берген жоқ. Қарсыластарынан 0,96 секундқа озып кетті.

Ерлерден Қазақстан екі команда шығарды. Екеуі де бірінші және екінші орынды өзара бөлісті. Қазақстан-1 құрамасы сапында Андрей Соколов, Игорь Кондратьев, Дмитрий Коблов, Михаил Литвин жүгірсе, Қазақстан-2 намысын Илья Круговых, Айтжан Байсбаев, Эльнур Мухитдинов, Артем  Савельев  қорғады. Үшінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырды  (Хуршид Ахмадалиев, Шохрух Баратов, Рустам Ларев және Сардор Бахтиеров). 

4х400 эстафета (25 маусым)

Әйелдер:

1.     Қазақстан – 3.54,84 мин.

2.     Өзбекстан – 3.55,80 мин.

3.     Түркіменстан – 4.22,05 мин.

Ерлер:

1.     Қазақстан-1 – 3.10,38 мин.

2.     Қазақстан-2 – 3.15,12 мин.

3.     Өзбекстан – 3.17,16 мин.

Тізімге қайта оралу