Жастар Чехиядағы халықаралық турнирге қатысты

11.04.2017

Бек Төлеуов  
91
Жастар Чехиядағы халықаралық турнирге қатысты Чехиядағы марафон

Чехияның демалыс аймағы саналатын Подебрады қаласында спорттық жүрістен халықаралық жарыс  өз мәрежесіне жетті. Оған еліміздің жас өрендері қатысып қайтты.

Биылғы жылы аталмыш додаға спортшылар әр жас категориялары бойынша қатысты. Алматылық Виталий Терехин мен Заманбек Бабабек 20 шақырым бойынша өз бақтарын сынады. Бабабек алғаш рет осы қашықтықта өнер көрсетті. Өткен жылы тек 10 шақырымда қатысып көрген.

Бұл топта жалпы әлемнің 18 елінен келген 49 спортшы болды. Мықтылардың арасынан германииялық Кристофер Линке (1 сағ 18 минут 59.1 сек) топ жарды. Күміс франциялық Кевин Кэмпионға (1:20:28.2) бұйырды. Біздің спортшылардың арасынан Терехин мәреге 16-шы болып жетті (1:28:06). Ол өзінің былтырғы көрсеткішін жақсартты. Өткен жылы осы қашықтықты 1:29:04 сағатта бағындырған еді. Ал тағы бір отандасымыз Заманбек Бабабек 34-ші орынға тұрақтады (1:37:49).

Қыздар арасында 5 шақырымға жарысқан 16 жастағы Валентина Залевская мәреге 11-ші болып жетті. Жалпы, осы қашықтық бойынша 8 елден 18 спортшы қатысты. Олардың арасында Ұлыбритания, Ирландия, Германия, Литва, Словакия, Қазақстан, Чехия, Польша бар. Валентинаның уақыт көрсеткіші – 28 минут 27 секунд.

Подебрадыда өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар негізінен жас әрі халықаралық аренадағы тәжірибелері аз. Сондықтан кейбір сәттерде қобалжығандары байқалды.

Тізімге қайта оралу