Зябкина Азия Гран-приінің екінші кезеңінде де жеңіске жетті

28.04.2017

Бек Төлеуов  
87
Зябкина Азия Гран-приінің екінші кезеңінде де жеңіске жетті

Қытайдың Цзясин  қаласында өткен Азия Гран-приінің екінші кезеңінде қазақстандық Виктория Зябкина 100 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды.

Үш дүркін Универсиада ойындарының чемпионы 100 метрді 11,36 секундта бағындырды. Мәреге екінші болып, үндістандық Чанд Дьютиде келді. Оның көрсеткіші – 11,57сек. Үздік үштікті вьетнамдық спортшы қорытындылады.

Бұл жолы жарақатына байланысты павлодарлық Ольга Сафронова қатыса алмады. Ол бірінші кезеңде екінші орын алған болатын.

Айта кетейік, Виктория Зябкина осымен екінші кезеңде жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін Цзиньхуа қаласында өткен бірінші кезеңде 100 метрді 11,44 секундта  жүгіріп өткен еді. Алда әлі үшінші кезең бар. Соңғы кезең 30 сәуірде Тайбэйде өтеді.

Виктория Зябкина 2013 және 2015 жылдары Азия Гран-приінің барлық алты кезеңінде топ жарған атлет.

Тізімге қайта оралу