Зябкина Дохадағы жетістігін Тегеранда қайталай ала ма?
Бек Төлеуов  
205

Зябкина Дохадағы жетістігін Тегеранда қайталай ала ма?

Алдағы 1-3 ақпан күндері Иран астанасы Тегеран қаласында жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

Жеңіл атлетика федерациясы бекіткен тізімде 25 спортшы бар. Біз бүгін осы 25 спортшының арасында 60 метрге жүгіретін Виктория Зябкинадан бастасақ.

Зябкина Олимпиада бағдарламасына енгізілмеген 60 метрге жүгіру сайысына алғаш рет 2010 жылы Қарағандыдағы жарыста қатысқан. Ол кезде алматылық спортшының уақыт көрсеткіші – 7.69 секунд болды.

2012 жылы Ханчжоудағы Азия чемпионатында 7.33 секундпен қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал 2016 жылы Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатында Виктория 19 жылға жалғасқан Светлана Бодрицкойдың рекордын жаңартты. Светлана 1997 жылы бұл қашықтықты 7.23 секундта жүгіріп өткен. Ал Зябкина одан 3 секундқа жылдам жүгірді.

Сосын Катар асханасы Дохада өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында құрлықтың рекордына түзету енгізді және алтын медаль жеңіп алды. Нәтиже – 7.27 секунд.

Былтыр Ашхабадтағы жабық кешендегі  Азия ойындарында топ жарды (7.32 с).

Ал биыл 25 жастағы атлет әлі толық бабына келіп үлгерген жоқ. Өскеменде өткен Қазақстан кубогының бірінші кезеңі (10-11 қаңтар) мен Қазақстан чемпионатында  (15-16 қаңтар) Рима Кашафутдиновадан екі рет қалып қойды.

Зябкинаның қаңтар айындағы уақыт көрсеткіші:

Қазақстан кубогының бірінші кезеңі – 7.54 с

Қазақстан чемпионаты – 7.50 с

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир – 7,45. 

Зябкина Тегерандағы Азия чемпионатына толық бабына келіп, Бирмингемдегі әлем чемпионатының нормативін орындайды деп үміттенеміз. Ол үшін кемі 60 метрді 7.30 секундта жүгіруі тиіс. 

Тізімге қайта оралу